Ухань індеттен толық құтылды

Коронавирус пандемиясы басталған Қытайдың Ухань қаласында індет жұқтырған науқас қалмаған.

Алматы, NEGE. "Ухань дәрігерлері мен оларға елдің түкпір-түкіпірінен көмектесуге келген медицина қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында, 26 сәуірдегі жағдай бойынша Ухань ауруханаларында коронавирус инфекциясы бар науқас жоқ", - деді мемлекеттік денсаулық сақтау мәселелері комитетінің ресми өкілі Ми Фэн. 

Комитет 25 сәуірде жариялаған статистикалық есепке сүйенсек, індет басталғаннан бері Хубэй провинциясында 68128 вирус (Уханьда - 50333) жұқтыру дерегі анықталған, оның ішінде 63 604 адам жазылса, 4512 адам (Уханьда 3869) қайтыс болған. Сол кезде Уханьда 12 науқас қалғаны хабарланған еді.

Қазір оқып жатыр

Халықаралық әріптестік нәтижесінде киберқылмыс деңгейі 4 пайызға төмендеді

КҚК-ға шабуыл жайлы жазбаларға байланысты тергеу: іске «бопсалау» бабы қосылды

16 миллиард рубль таза кіріс. Назарбаев НЕГЕ «АТБ Банк» дивидендін алмай отыр?

AIRAN редакциясы қызметін тоқтатқанын хабарлады