UFC: Жалғас Жұмағұлов жеңілді

Отандасымыз Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде Манел Капиан жеңіліп қалды.

Алматы, NEGE. Қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-5) пен анголалық Манел Кап (16-6) Лас-Вегастағы UFC турнирінде кездесті. Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш бес минуттан тұруы керек еді, бірақ бірінші раундта аяқталып қалды. Жалғас Жұмағұлов техникалық нокаутпен жеңілді.

Бұл Жұмағұловтың UFC-дегі төртінші жекпе-жегі. Шілдеде ол америкалық Джером Ривераны жеңіп, қыркүйекте төрт жекпе-жек өткізуге промоушенмен жаңа келісімшарт жасаған.

Айта кетейік, бүгінгі кештің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы Роб Фонт (19-4) және Жозе Алдо (30-7) кездеседі. Турнирдің маңыздылығы бойынша екінші кезеңінде Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев (10-1) пен Брэд Ридделл (10-1) айқасады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр