UFC Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын жариялады

UFC басшысы Дана Уайт қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың кезекті қарсыласының есімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Шавкат америкалық Келвин Гастелуммен кездеседі.

«Дана Уайт Шавкат Рахмонов - Келвин Гастелум жекпе-жегін жариялады.

16 қыркүйек, Лас-Вегастағы T-Mobile аренада Мексиканың Тәуелсіздік күніне орай өтетін UFC турнирінің негізгі жекпе-жегі болады.

Ал кегтің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Алекса Грассо (Мексика) бұрынғы чемпион Валентина Шевченкоға (Қырғызстан) қарсы реванш өткізеді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов ММА-да 17 жекпе-жек өткізіп, 17 жеңіске жеткен. Келвин Гастелум 29 жекпе-жекте 21 рет жеңіске жеткен.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр