UFC: Бразилиялықтан жеңілген отандасымыз 21,5 миллион теңге алады

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Сергей Морозов (17-6) Хьюстонда (Техас штаты, АҚШ) өткен UFC 271 турнирінде жеңіліп қалды. Бұл жеңілісіне қарамастан ақтөбелік спортшы промоушеннен сыйақы алды.

Алматы, NEGE. Морозов пен бразилиялық Дуглас Силва де Андраде (28-4-0-1) арасындағы айқас турнирдің ең үздік жекпе-жегі деп танылды. Сондықтан да екі файтер де UFC-ден қосымша сыйақы ретінде 50 мың доллар (21,5 миллион теңге) алды. 

Айта кетейік, Морозов бүгін UFC ұйымында екінші рет жеңілді. Ол екінші раундта қылқындыру әдісіне түсіп қалды. 

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады