УЕФА туриндік 'Ювентусты' бір жылға барлық еуро додалардан шеттетті
Енді олар Конференция лигасы - 2023/2024-ке қатыса алмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz .
Алматы, NEGE. УЕФА-ның мұндай шешіміне клубтың қаржылық фэйр-плей ережелерін бұзғаны себеп болған.
Туриндік команда өткен маусымда 62 ұпаймен лиганы жетінші орында аяқтады. Бианконерилер 2023/2024 жылғы Конференция лигасында ойнауы керек еді. Чемпионат барысында "Ювентустан" он ұпай шегерілді. Команда топтық кезеңде Чемпиондар лигасынан шығып, кейін Еуропа лигасының жартылай финалына шықты. Италия кубогінде "Ювентус" жартылай финалға жолдама алды.