УЕФА рейтингі жарияланды

УЕФА-ның ресми сайты Чемпиондар лигасындағы еуропалық клубтардың тарихи рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Алматы, NEGE. Еуропалық чемпиондар кубогы (қазір Чемпиондар лигасы ретінде танымал) тарихында ең үздік деп танылған клубтар: мадридтік «Реал», мюнхендік «Бавария» және каталониялық «Барселона».

Қазақстандық клубтар арасында бірінші орында елордалық «Астана» тұр.

УЕФА рейтингіндегі орны – 107.

Сондай-ақ алғашқы 200 клубтың қатарына «Ақтөбе» енді, тізімдегі орны – 145.

Қарағандылық «Шахтер» - 230, Алматының «Қайраты» - 371, Павлодардың «Ертісі» - 422, Қостанайдың «Тобылы» 432-інші позицияға орналастырылды.

Рейтингіге барлығы 526 клуб енген. ЕЧК/ЧЛ тарихындағы ең үздік 10 клуб:

1. «Реал»;

2. «Бавария»;

3. «Барселона»;

4. «МЮ»;

5. «Ювентус»;

6. «Милан»;

7. «Ливерпуль»;

8. «Бенфика»;

9. «Порту»;

10. «Аякс».

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?