UEFA: «Қайраттың» топтық кезеңдегі қарсыластары кім?
Алматылық «Қайрат» командасының UEFA Конференция лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды.
Алматы, NEGE. «Қайрат» Н тобында сынға түседі. Қарсыластары - «Базель» (Швейцария), «Карабах» (Әзербайжан), «Омония» (Кипр).
Жарыстың аталған сатысында барлығы 32 команда сынға түседі. Олар төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген.
Айта кетейік, «Қайрат» алдымен Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында Израильдің «Маккаби Хайфа» клубынан (1:1, 2:0) басым түсті.
Одан кейін Сербияның «Црвена Звезда» клубына (2:1, 0:5) жол беріп қойды. Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында «Қайрат» Арменияның «Алашкертіне» (0:0, 2:3) есе жіберді.
Ал Конференция лигасы плей-офф сатысында Люксембергтің «Фоласын» (3;1, 4:1) орта жолда қалдырды.