УЕФА Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасының матчтарын отандық телеарналар көрсетеді

5-8 тамыз аралығында 1/8 финалдық матчтардың тікелей трансляциясын Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді.

Алматы, NEGE. Еске салайық, турнирлер наурызда коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды. Кейін УЕФА еурокубоктарды тамыз айында ойнату туралы шешім қабылдаған болатын. Еурокубоктар үшін талас қайта жалғасты. 1/8 финалдың қалған матчтары қабылдаушы командалардың алаңында өтеді. Келесі кезеңге өткен 4 команда: «Аталанта», «Атлетико», «ПСЖ» мен «РБ Лейпциг». Өзге 4 команда 1/8 финалдың жауапты матчтары өткен соң анықталады. Ширек финалға шығу үшін «Ювентус» – «Лион», «Барселона» – «Наполи», «Манчестер Сити» – «Реал» мен «Бавария» – «Челси» командалары өзара бақ сынайды. УЕФА Чемпиондар лигасы, 1/8-финалы ойындарының күнтізбесі:

5 тамызда «Интер» (Италия) және «Хетафе» (Испания), «Копенгаген» (Дания) және «Истанбул Башакшехир» (Түркия), «Шахтер Донецк» (Украина) және «Вольфсбург» (Германия), «Манчестер Юнайтед» (Англия) және ЛАСК (Австрия) командалары кездеседі.

Ал 6 тамызда «Севилья» (Испания) және «Рома» (Италия), «Байер» (Германия) және «Глазго Рейнджерс» (Шотландия), «Вулвергемптон Уондерерс» (Англия) және «Олимпиакос Пирей» (Грекия), «Базель» (Швейцария) және «Айнтрахт Франкфурт» (Германия) командалары шеберлік байқасады.

 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?