11 октября 2024 г. 10:13

УЕФА Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Австриядан жеңілді

Фото: ғаламтордан

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының 3-туры аясында сырт алаңда Австриямен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Станислав Черчесов ойынға келесі құрамды шығарды: Игорь Шацкий – Ян Вороговский, Нуралы Әліп, Әлібек Қасым, Сұлтанбек Астанов – Асхат Тағыберген, Айбол Әбікен, Бауыржан Исламхан, Бақтиер Зайнутдинов – Ислам Чесноков, Айбар Жақсылықов.

Ральф Рангник алғашқы минуттардан бастап келесі ойыншылар құрамын шығарды: Александр Шлагер – Гернот Траунер, Стефан Пош, Николас Зайвальд, Александр Прасс – Кристоф Баумгартнер, Марсель Забитцер, Конрад Лаймер, Филипп Лиенхарт, – Романо Шмид, Джуниор Адаму.

Бірінші таймда австриялықтар Игорь Шацкий қақпасына бірнеше қауіпті соққы жасады. Матчтың 10-минутында Әліп пен Тағыбергеннің өрескел қателігінен кейін жасаған соққыны қазақстандық қақпашы қайтара алмады – 1:0.

Алаң иелері екінші таймға жетістігін арттыруды мақсат етіп, бірнеше қауіпті мүмкіндік тудырды, оның бірі 53-минутта екінші голмен аяқталды. Бұрыштамадан кейін Лиенхарт баспен дәл соққы жасап есепті 2:0 қылды. Бірнеше минуттан кейін Забитцер үшінші голды соқты.

13 қазанда Қазақстан Алматыда Словениямен кездеседі.