УЕФА-ның жаңа президентін Астанада таңдайды

Брюссель УЕФА-ның 51-конгресін 2027 жылдың наурыз айында Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылдады.

uefa.com

Астана, NEGE. Астанада өтетін конгресте Еуропа футбол қауымдастықтары одағының жаңа басшысы сайланады, деп хабарлайды Kazinform.

«УЕФА-ның 51-конгресінің Қазақстанда өтуі – өте ауқымды оқиға және біздің федерацияның халықаралық деңгейде мойындалуының айқын дәлелі. Бұл, әсіресе, бейбітшілік, тұрақтылық және дипломатия саясатын жүргізіп отырған Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың күн тәртібінде өзекті», – деп мәлімдеді Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория.

Оның айтуынша, мұндай ауқымды шараның Қазақстанға сеніп тапсырылуы еліміздің Еуропа футбол әлемінде мойындала бастағанын білдіреді.

«Алдағы конгресс сайланбалы конгресс болатынын атап өткім келеді. Дәл Астанада келесі кезеңге УЕФА президенті сайланады және бұл – шын мәнінде тарихи оқиға. Баршамызды құттықтаймын», – дейді Лория.

Сондай-ақ, бас хатшы 2027 жылы Астанада 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы футзалдан Еуропа чемпионаты өтетінін айтып өтті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?