ҰБТ-ға 114 мың өтінім берілді

Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеу басталғалы қанша талапкерден өтінім түскенін жариялады.

Алматы, NEGE. «ҰБТ тапсыруға құжат қабылдаудың алғашқы күнінде 114 мыңға жуық өтініш түсті» деп мәлім етті ведомстводан.

Еске сала кетейік, кеше кешкісін негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталған еді. Ол 14 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

ҰБТ-ға қатысу үшін орталықтың ресми сайтында тіркеуден өтуге болады. Тестілеудің өзі 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді. Бұл ретте талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алады.