ҰБТ-да 500 түлектің тест нәтижесі жойылды
ҰБТ-да тестіленуші 85 мың түлектің 500-ге жуығының нәтижесі жойылды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.
"Достар, тест тапсырмаларын немесе олардың үзіндісін аудиториядан шығару - ереже бұзушылық саналады. Сондықтан ҰБТ нәтижесі жойылады. Осы күнге дейін 85 мың тестіленушінің ішінен бес жүзінің нәтижесі жойылды. Және тест тапсырмаларын шығарып, таратудың да еш мәні жоқ - тест базасы күнде жаңарады!", - деп жазды Смағұлов Facebook-те.
Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "1 қыркүйекте балалар мектепке бара ма?" деген сұраққа жауап берген болатын.