ҰБТ: Тест нәтижесі бұзылған оқушылар биыл оқуға түсе ала ма?
Осы сауалға Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Руслан Емелбаев жауап берді.
Алматы, NEGE. "ҰБТ толығымен аяқталғаннан кейін, нәтижелері тексерістен өтеді. Егер талапкерден ереже бұзушылық анықталып жатса, нәтижесі жойылады. Былтыр бізде 52 талапкердің нәтижесі жойылған. Олардың ішінде 38-і мемлекеттік грант иегері болатын. Талапкердің нәтижесі жойылған жағдайда, қаңтар немесе наурыз айларында тапсырған ҰБТ-ның сертификаты болса, солардың негізінде ақылы бөлімде оқуына болады", - деді Руслан Тохтарбекұлы.