ҰБТ тапсыруға өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды «Ұлттық тестілеу орталығы».

Алматы, NEGE. Өтінімді қабылдау app.testcenter.kz сайтында 15 сәуір сағат 17.00-де басталды және бос орындар аяқталғанға дейін жалғасады. Тіркелу кезінде ҰБТ тапсыратын күнді, уақытын және өтетін орнын өз еркімен таңдауға болады. 15 сәуірден бастап ҰБТ тапсыру үшін бірінші мүмкіндіктің датасын, ал 1 мамырдан бастап екінші мүмкіндіктің датасын таңдау мүмкіндігі беріледі. Тестілеудің өзі 25 сәуір - 30 маусым аралығында өтеді. Аталған кезеңде ҰБТ-ға 2 рет қатысуға болады және жинаған ең жоғары балмен білім беру грантын тағайындау конкурсына түсе аласыз. Биылғы - 2021 жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады. Бұған дейін хабарланғандай, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережесіне бірнеше өзгеріс енгізілді. Оның ішінде мемлекеттік білім грантын иелену үшін ҰБТ-ны екі мәрте тапсыру мүмкіндігі, ҰБТ-ның электронды форматқа ауыстырылуы бар.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр