«Уайымдама, сөйлесіп қояды»: Шерзаттың өліміне қатысты сот үзілісінде қатысушылардың өзара әңгімесі жазылып қалды

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. 

Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Бүгінгі сот отырысында басты айыпталушы Шынасыл Абзалдан және Қалиахмет Дидардан жауап алынды.

Сот түскі үзіліс жариялағаннан кейін онлайн трансляция өшірілмей тұрып, сотталушылардың өзара әңгімесі видеоға жазылып қалған. 

Видеода біреуі: «Көзімнен жас шығып кете жаздады ғой. Дұрыс сөйледім бе?», – деп сұрайды.

Оған екіншісінің: «Саған көп сұрақ қоймайды, уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын», – деп жауап беріп жатқаны таспаға жазылған. 

Алайда, кейін Жоғарғы соттың онлайн трансляциясының сақталған видеосында бұл үзінді болған жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды