Уәлихан Серікұлы грек-рим күресінен қола жүлдегер атанды

Шыңжаңдық қандасымыз Уәлихан Серікұлы Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен қола жүлдегер атанды.

Алматы, NEGE. Уәлихан 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. 1/8 финалда ол германиялық Этьен Кинсингерді жықты. Ширек финалда жапон балуаны Кеничиро Фумитаға есе жіберіп, жұбату белдесуіне шығуға мүмкіндік алды.

Бұл кездесуде Алжир өкілі Абелькарим Фергатты жеңді. Бүгін қандасымыз қола жүлде үшін украиналық Ленур Темировпен күш сынасып, қола жүлдегер атанды.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты