Уағызшы Дарын Мубаров жауапқа тартылды

Ел ішінде уағызшы ретінде танылған Дарын Мубаров діни материалдарды заңсыз таратқаны үшін екінші рет әкімшілік жауапқа тартылды.

Видеодан скрин/youtube/TalkLike

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Астана қаласының дін істері жөніндегі басқармасы хабарлады.

Басқарма мәліметінше, Дарын Мубаров 2025 жылғы қазанда осыған ұқсас әрекеті үшін жауапқа тартылған. Алайда ол құқықбұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасаған.

«Осы факт бойынша ДІБ қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 8-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама жасады. Сот шешімі бойынша Д.Мубаров әкімшілік құқықбұзушылықты қайта жасағаны үшін кінәлі деп танылды», – делінген хабарламада.

Оған 200 айлық есептік көрсеткіш, яғни 865 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр