ТЖМ Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан құтқарушылар туралы мәлімет берді

Қазақстан құтқарушылары Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарын аяқтады.

Алматы, NEGE. Олар 7-19 ақпан аралығында Нурдагы ауданында, Газиантеп және Хатай қалаларында жер сілкінісі салдарын жою жұмыстарын жүргізген болатын. 

ТЖМ баспасөз қызметі Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан құтқарушылар туралы жеке-жеке мәлімет берді. 

Новокшанов Константин Михайлович-құтқару бөлімшесінің басшысы.

Константин Михайлович ТЖМ қатарында 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушысы болып қызмет атқарды. Қызмет еткен жылдары әртүрлі ТЖ салдарын жою бойынша, су айдындарында және таулы жерлерде авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару операцияларына, қиын климаттық жағдайларда 300-ден  астам метр биіктікте орналасқан тауларда құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты. 2019 жылдан бастап ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің басшысы болып қызмет етеді. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты. Ведомстволық наградалармен марапатталған.

Сәрсембаев Абдолла Валериевич-құтқару бөлімшесінің басшысы.

Еңбек жолын 2004 жылы Республикалық жедел-құтқару жасағында бастаған. Бүгінгі күні ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің басшысы болып жұмыс істейді. Бірнеше рет авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарына, Түркия Республикасының Нурдагы қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты. Ведомстволық наградалармен марапатталған.

Кишкуца Виталий Евсеевич - бас құтқарушы.

Виталий Евсеевич өзінің еңбек жолын 2000 жылы Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушысы болып бастады. 2019 жылдан бастап ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағында жұмыс істейді. Құтқарушы, бірінші дәрежелі сүңгуір.

Жұмыс кезеңінде әртүрлі ТЖ салдарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты. Ол  оннан астам адамның өмірін құтқарды. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Ведомстволық наградалармен марапатталған.

Попов Николай Николаевич - бас құтқарушы.

Николай Николаевич 22 жыл бойы азаматтық қорғау органдарында жұмыс істейді. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушысы қызметінен бастаған. Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағы кинологиялық бөлімшесінің бас құтқарушысы болып жұмыс істейді.

 Николай Николаевич өзінің еңбек жолында әртүрлі ТЖ салдарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты.

Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Ведомстволық наградалармен марапатталған. «Апат болған жағдайда оның ауқымына қарамастан, басты міндет – әр адамның денсаулығы мен өмірін қорғап қалу, сондай-ақ іздеу-құтқару жұмыстары кезінде барлық ықтимал қауіптердің алдын алу», - деді Николай Николаевич.

Кубенов Мәди Бекдербекұлы-құтқарушы.

2020 жылдан бастап университетті бітіргеннен кейін ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағына еш ойланбастан жұмысқа келді.

Түрлі ТЖ салдарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты. Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін іздеу-құтқару жұмыстарына қатысты.

Кумаев Рамазан Жеңісұлы-құтқарушы.

2021 жылдан бастап ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағында жұмыс істейді.

Рамазан өзінің әріптестері сияқты әртүрлі ТЖ салдарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.

Рахметов Олжас Мүбаракұлы - құтқарушы.

Еңбек жолын 2015 жылы ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағынан бастады.

Жасақта жұмыс істеген кезеңде әртүрлі ТЖ салдарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты.

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін іздеу-құтқару жұмыстарына қатысты. «Біздің құтқарушылар әрқашан елдегі және әлемдегі кез-келген орын алған төтенше жағдайларға ден қояды. Өмірге қауіп төндіретін жағдайларға қарамастан, біздің қатарымызда адамдарға көмектесетін өз ісінің нағыз мамандары жұмыс істейді. Сондықтан мен өзімді осы үлкен ТЖМ құтқарушылары командасының бір бөлігі екендігімді мақтан тұтамын», - деді Олжас.