ТЖМ: Шахтада апаттық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр

Төтенше жағдайлар министрлігі Костенко атындағы шахтада апаттық-құтқару жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

Алматы, NEGE.  Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қаптановтың айтуынша, Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен жасап жатыр.

"Жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жүргізіліп жатыр.  Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Электр энергиясының жетіспеушілігі, тау-кен жұмыстарының көптігі, жеке су басқан қазбаларға қолжетімділіктің болмауы, көптеген бұзылған механизм мен құрылыстың болуы қиындық туғызып жатыр. Сондай-ақ, қаза апқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апат орнында ашық жану ошақтары жоқ", – деді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасуда.

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) «жедел желі» телефондары жұмыс істейді. Жедел желі нөмірлеріне барлығы 400-ге жуық қоңырау түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетеді. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады