ТЖМ жер сілкінісіне байланысты "дабыл чемоданын" жинап қоюға шақырды

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысындағы жер сілкінісі бойынша маңызды ақпарат жариялады. 

видеодан кадр

Алматы, NEGE. Министрлік азаматтарды "дабыл чемоданын" дайындап қоюға шақырды.

"Дабыл чемоданы" - жер сілкінісі, су тасқыны өрт және басқа да төтенше жағдайларда құтқарушылар келгенге дейін аман қалуға арналған заттардың негізгі жиынтығы. Оқыс оқиғадан ешкім сақтандырылмаған. Төтенше жағдай туралы дабыл кез келген сәтте, кез келген жерде қағылуы мүмкін. "Дабыл чемоданы" әрқашан дайын болуы үшін бұған алдын ала дайындық жасаңыз! Бұған төтенше жағдайда қолдануға болатын заттар кіреді", – делінген хабарламада.

"Дабыл чемоданында" құжаттар, ақша, алғашқы медициналық көмек жинағы, үш күндік тамақ, ауыз су, консервілер, жоғары калориялы тағамдар, гигиеналық құралдар, жылы киімдер, көрпе, керек-жарақтар (радио, фонарь, батареялар, сіріңкелер, құралдар, ысқырық) болуы қажет.

Қазір оқып жатыр

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады

Kinopark желісі отандық фильмдерден жарнама үшін заңсыз ақша алған

Маңғыстау әкімі Қазақстанның туы бейнеленген шайбамен ойнауға рұқсат бермеді

Әлемде әрбір алтыншы бала мектепке бара алмайды – ЮНЕСКО