ТЖМ: Сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді

Сейсмикалық жағдайды бақылау жөніндегі Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабы тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлады 24kz.

t.me / qr_tjm

Алматы, NEGE. Министрліктің мәліметінше, азаматтық қорғаныс күштері табиғи апаттарға жедел әрекет етуге дайын. Командалық орталық базасында арнайы кеңес өтті. Жиында төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі іс-қимыл жоспары талқыланды. Құтқарушылар мен арнайы техника Жамбыл облысының сейсмикалық қауіпті елді мекендеріне жіберілді.

 Айта кеткен жөн, штабта сейсмикалық мониторинг жүргізіліп, халықты ақпараттандыруға ерекше назар аударылған.

«Қабылданған шешімдер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және инфрақұрылымды сақтауға бақытталған», - дейді мамандар.


Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті