ТЖМ Семейдегі су тасқынына байланысты соңғы мәліметтерді жариялады

ТЖМ қаладағы жағдай туралы соңғы мәліметтерді таратты. 

ТЖМ

Семей, NEGE. «ЖАО күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, «Теплокомэнерго» МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды. Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді», - делінген хабарламада. 

Арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды. Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден астам су айдалған. 

«Жұмыстарға ЖАО, ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан астам адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылды. Еріген суды сору жұмыстары аяқталды. ЖАО және ТЖД күштерімен қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізілуде», -деп хабарлады ТЖМ. 

Қазір оқып жатыр

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр