ТЖМ құтқарушылары үш мыңдық биіктіктен үш адамды эвакуациялады

Кеше кешке Алматы облысы Талғар ауданында 3300 м биіктікте орналасқан Шымбұлақ шыңынан түсіп бара жатқан кезде 24-25 жас аралығындағы үш ер адам өздерін нашар сезініп, 112 нөміріне хабарласқан.  

ТЖМ

Алматы, NEGE. Олар өздері орналасқан жерінің координаттарын жіберіп, құтқарушылардың келуін күтті.

Медеу бекетінен ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының іздестіру тобы дереу көмекке аттанып, Безымянное шатқалына дейін келіп, әрі қарай геолокацияда белгіленген жерге дейін жолын жаяу жалғастырды.

Тәуліктің қараңғы уақытында таулы аймақтағы туристерді тауып, оларды «Шымбұлақ» таулы шаңғы курортына дейін аман-есен эвакуациялады.

Қазір оқып жатыр

YouTube пен Instagram жас қызға 4,2 млн доллар төлеуге тиіс

28 наурызда онкологиялық орталықтар науқастарды тегін әрі жолдамасыз қабылдайды

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды