ТЖМ Алматы хостеліндегі өрттің шығуына себеп болған екі нұсқаны атады

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматы хостеліндегі өрттің алдын ала себептерін айтты.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Сырым Шәріпхановтың айтуынша, Алматыдағы хостелде болған өрттің шығуы мүмкін екі нұсқасы анықталған.

«Бұл жарық қондырғысының қызып, балқуынан туындаған қысқа тұйықталу болуы мүмкін. Екінші нұсқа – өрт ұшқыны. Яғни, біреу темекі тұқылын немесе сіріңке шырпысын тастауы мүмкін. Негізгі себептері осы», - деді Сырым Шәріпханов.

Естеріңізде болса, 30 қараша күні Алматыдағы Шәріпов көшесінде орналасқан хостелде өрт шығып, 13 адам қаза тапқан еді. 

Қазір оқып жатыр

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді

Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды