ТЖД қызметкерлері тазалық іс-шарасына белсенді қатысуда

Бүгін шаhарда "Шымқала - таза қала" акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтуде.

Шымкент, NEGE. Тазалық іс-шарасына Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері (80 адам) жеке құрамымен белсенді қатысып, Желтоқсан көшесінен бастап, Темірлан тас жолы бойында және ирригациялық жүйелерде Әл-Фараби көшесінің қиылысына дейін тазалау жұмыстарын жүргізді.

Қала аумағында орналасқан барлық өрт сөндіру бөлімдері өздеріне тиесілі аумақтарда сенбілік өткізуде.

Сондай-ақ, Еңбекші ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы, жедел құтқару жасағы, Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері, аудандық ЖПҚ қызметкерлері бірлесе аудан аумағындағы тұрғындарға өрт қауіпсіздігі және улы газдың алдын бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады