ТЖД өкілдері Алматы облысының тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жасады

Алматы қаласына іргелес аумақтарда нөсер жауады деп болжанып отыр.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 24-25 наурыз аралығында Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, сондай-ақ Алматы қаласына іргелес аумақтарда нөсер жауады деп болжанып отыр, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

"Қазгидромет" мәліметінше, қатты жауын-шашын әсерінен көлбеу ағын пайда болуы мүмкін және өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал. Бұл судың арналардан шығу және су басу қаупін туғызады.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райы болжамын мұқият қадағалауға, сақтық шараларын есте ұстауға және қажетті қауіпсіздік шараларын уақытылы қабылдауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан «Газпромға» қатысты АХҚО сотының шешімін орындамайды

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді