ТЖД алматылықтар мен туристерге тауға шықпауды ескертті

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына тауға барудан бас тартуға кеңес берілді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұған 24 наурыз күні күтілетін қатты жаңбыр мен дауылды ескерту себеп, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

«Алматыда найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі мүмкін. Осыған байланысты азаматтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға және тауға шықпауға шақырамыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!» – делінген хабарламада.

Құтқарушылардың айтуынша, жаңбыр, қар немесе қатты жел кезінде тауға шығу қауіпті. Ауа райы жақсарғанға дейін жорықты кейінге қалдырған жөн.

«Кеш батқанға дейін үйге оралыңыз, себебі кері жолды табу қиынға соғуы мүмкін», – деп ескертті мамандар.

Сонымен қатар, жеке тұрғын үйлердің иелеріне нөсер суларының ағуын қамтамасыз ету үшін дренаж жүйелерін тексеруге кеңес беріледі.

Қазір оқып жатыр

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді