ТЖ министрлігінде 25 мың адам жұмыс істейді

Төтенше жағдайлар комитеті бір айдың ішінде ҚР Ішкі істер министрлігінің құрамынан бөлініп, өз алдына министрлік болады.

Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады.

Министр Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын жүзеге асыру, атап айтқанда, төтенше жағдай комитетін Ішкі істер министрлігінің құрамынан бөлу жұмыстары жайында баяндады.

Е.Тұрғымбаевтың айтуынша, бүгінде арнайы комиссия құрылып, алдағы уақытта Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің құрамында қызмет ететін 25 мыңға жуық адамның тізімі нақтыланып, қажетті техникалар мен құрал-жабдықтар бөлініп жатыр.

Бұл жұмыстардың барлығы бір айдың ішінде аяқталады.

Қазір оқып жатыр

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді

Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді