Twitter вакцина туралы жалған ақпарат бар жазбаларды белгілейді

Twitter әлеуметтік желісі коронавирусқа қарсы вакциналар туралы жалған ақпараттар жазылған жазбаларды белгілеп қояды.

Алматы, NEGE. «Бүгіннен бастап COVID-19 вакциналары туралы қате ақпараттан тұратын твиттерді белгілей бастаймыз», - делінген компанияның хабарламада. Компания бұл шара жалған ақпараттармен күреске бағытталғанын атап өтті.

Қазірдің өзінде аталған әлеуметтік желі COVID-19-ға байланысты 8,4 мыңнан астам твитті жойып, әлем бойынша 11,5 миллион аккаунтқа шара қолданған.