Twitter негізін қалаған Джек Дорси 10 мың отбасыға көмектесті

Twitter желісін құрған Джек Дорси коронавирус салдарынан кедейленіп қалған америкалық отбасыларды қолдау үшін 10 миллион доллар қайырымдылыққа берді, - деп хабарлайды Forbes.

Алматы, NEGE. Коммерциялық емес GiveDirectly, Propel және Stand for Children ұйымдары бастаған жоба аясында Дорси берген қаражат 10 мың отбасыға мың доллардан үлестіріп беріледі. Project100 сәуірден бері 84 миллион доллар жинаған, оның мақсаты - 100 мың америкалық отбасыға көмектесу үшін 100 миллион доллар жинау. 

Еске салайық, бұған дейін Джек Дорси коронавируспен ғаламдық күресті қаржыландыру үшін бір миллиард доллар берген. Оның айтуынша, пандемия біткен соң, қор білімге көңіл аударады. 

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды