Twitter Қытай елшілігінің парақшасын бұғаттады
Twitter Қытайдың АҚШ-тағы елшігінің ресми парақшасын бұғаттады. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, онда елшілік Бейжіңнің Шыңжаңдағы саясатын қорғап, бұл аймақта ұйғыр әйелдерінің мәжбүрлеп жұмысқа тартылғанын жоққа шығарған. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.
Алматы, NEGE. Концлагерьде жазықсыз адамдарды күштеп ұстауды АҚШ-тың бұрынғы Мемлекетік Хатшысы күні кеше геноцидке теңеген еді. Бұл мәлімдемеге Қытай тарапы шұғыл жауап қатты. Америкалықтардың автономиялық аудандағы мәселені көтеруі – елдің ішкі ісіне араласу деп санайтындарын жеткізді. Сондай-ақ, қарсы шара ретінде ресми Бейжің АҚШ-тың 28 азаматына санкция жариялады. Олардың арасында Майк Помпео да бар.