Тұзды су вирусты өлтіре ме?

Алматыда өткен онлайн брифинг барысында инфекционист дәрігер Тамара Утағанова коронавирустен емдеу туралы ел арасындағы алып қашпа сөздерге түсінік берді.

Алматы, NEGE. «Коронавирус тұзды суда өледі деген көп айтылып жүр. Ол жалған ақпарат. Бұл вирус тек антисептик пен дезинфекциялық құралдардың барлығынан өледі. Қазір Қазақстанның өзінде емдеу хаттамасының 11 редакциясымен емдеп жатырмыз. Емдеу хаттамасы бүкіл әлем бойынша жиналған тәжірибе, үйренген машықтар, дәрілердің қолдану тәжірибесі, диагностикалық құралдарды қолдану тәжірибесі жинақталғанда өзгеріп отырады. Қазір Қазақстандавирусқа қарсы терапия қайта қаралғаны рас. Бұрын ДДҰ ұсынған «Гидрокслиохлорохин», «Лапиновир» препараттарына қазір тыйым салынған. Оның орнына «Ремдесивир», «Фавипировир» препараттары қосылды», – деді Т.Утағанова

Қазір оқып жатыр

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты

Депутаттар портреті. Асхат Аймағамбетов. Реформатор