Тұрсынбек Қабатовтың басы тағы дауға қалды
Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісінің тағы да тәртіп бұзғаны анықталды.
Алматы, NEGE. Тұрсынбек Қабатовтың «адам қақты» деген күдікке ілінген көмекшісі тағы да көлік тізгініне отырыпты. Полиция оны мас күйінде рөлге отырып, жылдамдықты шамадан тыс асырып жібергені үшін ұстаған.
Ол белгілі әзілкештің әйелі Мөлдір Мұқанованың 2019 жылғы Cadillac Escalade көлігін жүргізген.
2019 жылдың 13 қазанында Ақмола облысындағы елдімекен тасжолында жол апаты болды. Алған жарақат салдарынан 34 жастағы Ерлан Омарқұлов көз жұмды.
Кейін көлік Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі екені туралы ақпарат шықты. Алайда оқиға болған күні рөлде әзілкештің көмекшісі отырған. Кейін әзілкеш ақпаратқа қатысты ақталып, түсініктеме беруге мәжбүр болды.