Тұрсынбек Қабатов: Жаныңды ауыртатын жалаға қалу қиын екен

Тұрсынбек Қабатов қызына қатысты даулы оқиғадан кейін желідегі парақшасында алғаш рет үн қатты. Ол адамның алдында да, Алланың алдында да ары таза екенін мәлім етті.

Алматы, NEGE. Ол алдағы уақытта бұл іске қатысты шындықты заң органдары ашады, деп сенім білдірді. Қабатов қиын кезеңде өзіне және отбасына қолдау білдірген халыққа алғыс білдірді. 

«Қадірлі достар, осы апта біздің отбасымыз үшін оңай болған жоқ. Ең қиыны жаныңды ауыртатын жалаға қалуың екен. Адамның алдында да, Алланың алдында да арым — таза!

Алдағы уақытта құқық қорғау органдары дүйім жұртқа ақ-қарасын ашып айтады деп ойлаймын. Осындай жүрек-жүйкеңе салмақ түскен кездерде маған сеніп, қолдау білдірген аға-буыр, әпке-қарындастарыма және оқырмандарыма алғыс айтамын!» - деп жазба қалдырды ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді