Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы түсіндірме жұмыстар жүргізілді

Қызылордада полицейлер еріктілермен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ұйымдастыруымен 21 сәуірден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық шараларын жүргізіп келеді. Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторларымен профилактикалық және тізімдік есепте тұратын 465 адам тексеріліп, олармен профилактикалық әңгімесулер жүргізілді. Қала орталығындағы Абай даңғылы мен Ғ.Мұратбаев көше бойындағы бірнеше аулалар, Титов қыстағындағы сауда үйлер, Тасбөгет елді мекенінде бірнеше аулалар араланып, сол манда орналасқан дүкендер мен дәріханаларға зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған жадынамалар ілініп, профилактикалық шолу жұмыстары жүргізілді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?