Түрмеден шыққан 400 адам қай қаланы аралап жүр?

Қазақстанда түрмеден 400 қылмыскер шығарылғаны туралы жалған ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Алматы, NEGE.  Қазақстандықтар WhatsАpp мессенджерінде түрмеден қашқан қылмыскерлер суреті көрсетілген жалған ақпарат таратып жатыр.

"Түрмеден 400 адам босатылды. Қаланы аралап жүр. Өздерін кілем тазарту, сауалнама алушы ретінде таныстырады. Ресми киініп алған, ажырату қиын. Сақ болыңыздар", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі ақпараттың жалғандығын растады.

"Ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз. Жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-ның 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламыз", - деп хабарлады комитет өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті