Түрмеден шетелдегі туыстарымен онлайн байланысқа шықты

Қызылорда облысында шет ел азаматтары туыстарымен онлайн байланысқа шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz

.

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда мемлекетімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде шетел азаматтарына туған туыстарымен кездесу қиындық тудырып тұр. Дегенмен, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында мекеме әкімшілігі жазасын өтеуші адамдарды туған туыстарымен скайп жүйесі арқылы байланыс жасау мүмкіндігін қарастырды. Осы мекемеде жазасын өтеуші Ш. есімді ер адам осындай мүмкіндікті тиімді пайдаланып, Өзбекстандағы туған-туыстарымен байланысқа шықты. Сотталған Ш. көптен көре алмай жүрген жанұясымен скайп жүйесі арқылы тілдесті. Анасын, балаларын, жұбайын скайп жүйесі арқылы көрген жазасын өтеуші аман екенін көзімен көріп қуныштарын бөлісті. Бүкіл әлемде төтенше жағдай орын алып жатқанда отбасымен ғаламтор арқылы болса да тілдескен жазасын өтеуші және оның отбасының көңіліне қуаныш ұялағаны анық. Сотталған отбасымен бейнебайланыс арқылы қауышуға мүмкіндік берген мекеме басшылығына шексіз алғысын білдірді. Жергілікті аудан, ауылдардан келе алмай жатқан жазасын өтеушілердің отбасылары ешқандай қиындықсыз үйде отырып, бейнебайланыс арқылы сөйлескендеріне ризашылығын білдірді.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?