Түрмеден босатылған Арон Атабек Алматыға ұшып келді

Арон Атабек 1 қазан күні кешкісін Павлодардаг Алматыға FlyArystan әуекомпаниясының ұшағымен ұшып келді, деп хабарлайды Азаттыө.

Алматы, NEGE. Атабектің қызы Алма Нутушева тілшіге телефон арқылы әкесі Алматыға келгенін растаған. Ол Арон Атабектің денсаулығының нашарлығына байланысты оны ұшақтың трапынан алып кететінін, сондықтан келушілер залындағы есіктен шықпайтынын айтты.

15 жыл түрмеде отырып бостандыққа шыққан ақын әрі диссидентті қарсы алу және қолдау үшін ондаған адам әуежайға жиналды.

1 қазанда Алматыдағы Шаңырақ ықшам ауданында тәртіп сақшысының өлімі мен жаппай тәртіпсіздіктер бойынша сотталған ақын Арон Едігеев денсаулығына байланысты түрмеден босатылған болатын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады