Түрмедегі төбелес: Күдікті қайтыс болды

Қарағанды тергеу изоляторындағы камерада ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Комитеттің хабарлауынша, 2 желтоқсанда Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторының қызметкерлері мекеме камерасынан қамауға алынғандардың бірінің мәйітін тапты. «Жедел-тергеу іс-шаралары барысында камерадағы адамдардың арасында жанжал туып, ол төбелеске ұласқаны мәлім болды. Олардың бірі екіншін жаралап, салдарынан ер адам қайтыс болды», – деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.

Күдікті кінәсін мойындаған. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты