Түрмедегі бейнекамераны бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Қазақстан түрмелерінде бейнекамераны бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Жаңа норма ҚР ҚК-нің 428-1-бабында «Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сол сияқты оның компоненттерін қасақана жою немесе бүлдіру» деп айқындалған.

Бап осы жылдың шілде айында қолданысқа енгізілді және ҚАЖ мекемелерінде жаппай бейнебақылау жүйесінің сақталуына бағытталған. Бұл бапқа сәйкес сотталған адамның бейнекамераны сындырғаны немесе кабельді бүлдіргені үшін оған алты айдан жеті жылға дейінгі мерзім қосылуы мүмкін.

Жаңа заң бойынша сотталғандар да, мекеме қызметкерлері де жауапқа тартылуы мүмкін. Сонымен қатар бүлінген техника үшін мемлекетке келтірілген залалды азаматтық тәртіпте өндіріледі.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады