Түркістандық тұрғын қайтарымсыз грант аламын деп алаяққа алданып қалды

Түркістандық тұрғын қайтарымсыз грант аламын деп алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен жергілікті әйелді қолға түсірді. Күдікке ілінген әйел жәбірленушіге кәсіп ашуға арналған жоспар жазып, мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп сендірген.

Танысының сөзіне сенген тұрғын, оған бір жарым миллион теңге берген. Алайда ақшаны алған күдікті байланыстан қашқан, хабарласқанымен түрлі сылтаулар айтып, уақытты созған. Тәртіп сақшылары жұмыссыз тұрғынның осыған ұқсас тағы бір фактісін анықтады. Жәбірленушілерден алған 2 миллион ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген.

Қазіргі таңда әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды