Түркістандық саудагерден 45 келіден астам насыбай тәркіленді

Түркістан облысында полиция саудагерден 45 келіден астам насыбай тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Мақтаарал ауданында полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары рейд жүргізу барысында саудагердің сауда орны мен үйіндегі гаражынан 50-ден астам баклашкаға салынған, яғни 45 келіден астам насыбай өнімін тапты. Яғни орталық базарда сыпырғы сатумен айналысатын тұрғын насыбай өнімін арнайы баклашкаларға салып, сату үшін әзірлеп қойған.

Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты «Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау» бабымен шара қабылданды.

Тәркіленген тыйым салынған заттар жойылды.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін