Түркістандық полицейлер 90 миллион теңге қарызы бар жүргізушіні анықтады

Бұл туралы 24 kz сайты жазды.

видеодан скриншот

Алматы, NEGE.Тәртіп сақшылары жолдағы қауіпсіздікті қадағалау кезінде "Қорғау" бағдарламасының көмегімен "Toyota Highlander" автокөлігін тоқтатты. Себебі патрульдік полицейлердің қолындағы планшетке жедел басқару орталығынан жүргізушінің қарызы бар екені туралы дабыл қоңырауы түскен.

Тексеру барысында 46 жастағы Қызылорда тұрғынының ірі көлемдегі айыппұлды төлемей жүргені белгілі болды. Сот орындаушының қаулысына сәйкес автокөлік айыптұрағына жеткізілді.

“Заң талаптарына сәйкес, полицейлер көлікті айыптұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұлдар мен қарыздарды уақытылы төлеу қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді”, – деп мәлімдеді Түркістандық облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Гүлнар Абдужаппарова.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?