Түркістандық блогер емхана басшысынан 1 млн теңге бопсалады деген күдікке ілінді

Келес ауданында ақша бопсалады деген күдікпен 32 жастағы блогер ұсталды.

polisia.kz

Астана, NEGE. ІІМ ақпараттық медиа-порталының жазуынша, ол медициналық мекеме басшысынан әлеуметтік желілерде беделін түсіретін сипаттағы материалдарды таратпағаны үшін миллион теңге көлемінде қаражат талап еткен. 

Күдікке ілінген жұмыссыз тұрғын блог жүргізіп, өзін қоғам белсендісі ретінде көрсеткен.

«Қазіргі уақытта бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді», – делінген ІІМ хабарламасында.

Полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?