Түркістанда жасөспірім ұлына көлік айдауға рұқсат берген тұрғын жауапқа тартылды

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үй ауласында жасөспірімнің автокөлік жүргізіп жүрген сәті түсірілген бейнежазбаға назар аударды.

Полиция

Алматы, NEGE. Тексеру нәтижесінде патрульдік полиция қызметкерлері 40 жастағы жергілікті тұрғынның Hyundai Accent автокөлігін басқаруды жүргізуші куәлігі жоқ ұлына сеніп тапсырғанын анықтады.

Ер адамның әрекетіне заң аясында шара қолданылып, көлік айыптұрағына қойылды.

Полиция көлікті жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға басқаруға беру заң бұзушылық екенін және оның ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды