Түркістанда тұрғындарды алдап, банк карталарынан ақша шешіп алған ер адам ұсталды

Полицияға 4 тұрғыннан арыз келіп түсті. Олардың айтуынша, банкоматтың алдында белгісіз азамат ақшаларын шешіп беремін деп, жасырын түрде «сіздің есеп шотыңызда ақша қаражаты қалмады» деп алаяқтық жолмен ақшаларын шешіп алған.

Полиция

Алматы, NEGE. Жәбірленушілерге 243 000 теңге шығын келген.

Полицейлер 37 жастағы ер адамның жеке-басын анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері ұсталған ер адамның тұрғындардан алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды.

Күдікті ер адамға қатысты алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты