Түркістанда спорт дүкенінен киім ұрлаған үш күдікті ұсталды

Түркістанда спорт дүкенінен киім ұрлаған үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Түркістан қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 3 жас жігітті қолға түсірді. Анықталғандай, күдікті жігіттер киім дүкенінде әдейі сатып алушы кейпінде келген.

Олар өздеріне ұнаған бірнеше спорттық киімдерді киіну бөлмесіне апарып, ұрлыққа қарсы магниттерді шешіп тастаған. Содан кейін ол киімдерді күртелерінің астына тығып, дүкеннен шығып кеткен.

Қазіргі таңда күдікті жігіттердің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді

Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді

Тоқаев неге Иран Президентімен сөйлеспегенін түсіндірді