Түркістанда полицейлер жанып жатқан көліктен жүргізушіні құтқарып қалды

Күндізгі уақытта облыс орталығындағы Тәуке хан көшесінде көліктердің бірінен өрт шықты.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Бұл оқиға бойынша әлеуметтік желілерде түрлі бейнежазбалар таралып, сол сәтте өртті сөндіруге ықпал еткен полицейлердің әрекеті елді сүйсінтті.

Нақтырақ айтсақ, бағдаршамға тоқтап тұрған Nexia автокөлігінің қозғалтқыш жүйесінен бірден өрт шыға бастады. Бір сәтте шарпып кетуі мүмкін тілсіз жауды полицейлер дер кезінде ауыздықтауға көмектесті.

Патрульдік полиция инспекторлары Жандос Сапарбеков пен Сауат Икрамхан өздерінің қызметтік көліктеріндегі өрт сөндіру құралын алып, бірден шашып, жалынды тоқтатты. Жедел әрекет еткен полицейлердің іс-әрекетінің нәтижесінде көлік жүргізушісінің өміріне, басқа да жанындағы көліктерге қауіп төнбеді.

Тәртіп сақшылары көліктерде өрттің туындауының алдын алу, олардың себептерін болдырмауға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды