Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Оқиға Түркістан қаласындағы сауда орталықтарының бірінің ойын алаңында болған.

Түркістан облыстық полиция департаменті

Астана, NEGE. Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, балалар алаңында екі әйел арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан әйелдердің бірі дене жарақатын алған.

Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, полиция басқармасына жеткізді.

Қазіргі уақытта оның қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.