Түркістанда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға жіберілді

15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті өтеді. Осыған байланысты қаладағы колледж студенттері мен оқушылар 14-15 мамыр күндері қашықтан оқиды.

gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасы хабарлады.

«Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қала аумағындағы қозғалысқа енгізілетін уақытша шектеулерді ескере отырып, Түркістан қаласындағы 8 колледж, барлық орта білім беру ұйымы (38 мемлекеттік мектеп, 44 жекеменшік мектеп) мен "Жаңа қала", "Отырар" мөлтек ауданында орналасқан мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары 2026 жылдың 14-15 мамыр күндері білім беру процесін қашықтан оқыту форматына көшірілді», – делінген хабарламада.

Басқарма өкілдері қашықтан оқыту кезінде білім алушылардың толық қамтылуы қамтамасыз етілетінін атап өтті. Барлық білім беру ұйымдарына оқу процесін бекітілген кестеге сәйкес онлайн форматта ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілген.

Сонымен қатар ата-аналар қауымына алдын ала ақпарат беріліп, білім беру ұйымдарынан ресми хабарламалар жолданған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

«Аяқкиім мен сөмке сатып алып берген»: Ақтөбе облысында шекара бөлімшесінің бастығы сотталды